Брянск қаласының әуе жайына “Боинг-737-400” жолаушы әуе лайнері қонуға мәжбүр болды.

БРЯНСК. РЕСЕЙ: Брянск қаласының әуе жайына “Боинг-737-400” жолаушы әуе лайнері қонуға мәжбүр болды. Геркияның “Олимпик-Эйруэйз” әуе компаниясына қарайтын жолаушы ұшағы Мәскеу-Афина аралығында қатынап жүрген. Бірақ оң жоқ моторының істен шығуы салдарынан жарты жолда қонуға мәжбүр болған. 76 жолаушы мен 12 ұшақ командасы аман-сау. Жолаушылардың айтуынша, олар қатты дыбыс есітіп, ұшақтың төмен қарай құлдырай бастағанын сезінген.