Экстремистік “Хамас” және “Ислам джиһады” топтарының белсенділерін босатуға Израильді көндіре алмайтын болса, Палестина автономиясының премьер-министрі Махмуд Аббас қызметтен айрылуы ықтимал.

ТАЯУ ШЫҒЫС: Экстремистік “Хамас” және “Ислам джиһады” топтарының белсенділерін босатуға Израильді көндіре алмайтын болса, Палестина автономиясының премьер-министрі Махмуд Аббас қызметтен айрылуы ықтимал. Палестиналық ақпарат министрі Набиль Әмірдің мәлімдеуінше, автономия парламенті де, бүкіл Палестина халқы да Аббастан тиесілі нәтиже күтіп отыр. М.Аббас АҚШ-қа сәрсенбі күні барған сапары барысында Вашингтонды Израильге қысым жасауға шақырады деп күтілуде. Израиль радиосының сәрсенбілік хабарына қарағанда, Израиль басшылығы палестиндік жасақтарды әзірше тұтқыннан босатпайтын көрінеді. Ақырғы шешім үкіметтің жалпы отырысында қабылданбақ.