Ауғанстанның қорғаныс министрі Мохаммад Фахим бүгін Тәжікстанға 2 күндік сапармен келеді.

КАБУЛ: Ауғанстанның қорғаныс министрі Мохаммад Фахим бүгін Тәжікстанға 2 күндік сапармен келеді. Сапар барысында ол тәжік өкілдерімен екі елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынасын тереңдету мәселесін талдайды деп күтілуде. Сондай-ақ Орта Азия аймағындағы ахуал, Ауғанстандағы терроризмге қарсы күрестің барысы және де тәжік-ауған шекарасы арқылы өтетін есірткі тасымалының жолын кесу шаралары талданатын болады.