АҚШ-тың қарулы күштерінің орталық басқармасының бастығы генерал Джон Абизаид Ауғанстанға келді.

КАБУЛ: АҚШ-тың қарулы күштерінің орталық басқармасының бастығы генерал Джон Абизаид Ауғанстанға табан тіреп, ауған жетекшісі Хамид Қарзаймен және АҚШ бастаған коалициялық күштердің басшылығымен кездесті. Ол кездесулердің егжей-тегжейі әзірше хабарланбады. Алдыңғы түнде Ауғанстандағы коалициялық күштер әскерлерінінің екі базасы гранататқыштардан атқыланды. Әскерилер қарсы оқ атты, әскери тікұшақтар оларға көмекке келді. Адам шығыны жайында ақпар жоқ.