Астанада алты айдың ішінде жол-көлік оқиғаларынан 32 адам қаза болған

Биылғы жылдың бірінші жартысында Қазақстан Астанасында тіркелген 360 жол көлік оқиғаларынан 32 адам қайтыс болған.
Бұған қоса 459 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Астана қалалық жол полициясы басқармасының аға маманы, полиция майоры Самат Шманов қалада жол көлік оқиғаларының жылдан жылға артып отыруының бірнеше себебін айтады:

- Бұған бiр жағынан бұрынғы Ақмола қаласының көшелерiнiң тарлығы, көлiк аялдамалардың қолайсыз орналасуы, соңғы жылдары қалада автокөлiк санының күрт өсуi себеп болса, сонымен бiрге жүргiзушiлер мен жаяу жүргiншiлер тарапынан жол жүру ережелерiн бұзу жиi кездеседi. Биылғы жылғы алғашқы алты айдың қортындысы бойынша осындай 53 мың жүргiзушi мен жаяу жүргiншiге айыппұл салынды.

Дүйсенбіден бастап Астана жол полиция қызметкерлері қала бойынша жолда жүру қауіпсіздігіне арналған алдын-алу шараларына кірісті. Оның барысында автокөлік кәсіпорындарында және жеке меншік көлік иелерімен жол қауіпсіздігіне байланысты тиісті жұмыстар атқару көзделген. Бұл алдын-алу шаралары тамыз айының 6-ына дейін жалғасады.