Йордания тақтан құлатылған Ирақ жетекшісі Саддам Хусейннің екі үлкен қызы мен олардың 9 баласына баспана берді.

Йордания Ақпарат министрі Нәбіл ал-Шарифтің айтуынша, Рағад Саддам Хусейн мен Рана Саддам Хусейн Йорданияға Абу Дабиден бейсенбі күні ұшып келген. Министрдің айтуынша, Саддамның қыздары мен немерелері Йорданияға падиша Абдулланың бұйрығы негізінде келіп отыр.