АҚШ Сенаты энергия көздерін сақтау және жетілдіру жөніндегі үкіметтің бағдарламасын мақұлдады.

Жоспарға этил спиртін кең пайдалану, Аляскада табиғи газды өндіру және арнайы салық жеңілдіктері жөніндегі мәселелер кіреді. Сондай-ақ, Сенат Чили және Сингапурмен еркін сауда жөніндегі келісімді бекітті. Мұнда сауда тарифтерін алып тастау қаралған. АҚШ Оңтүстік Америка және Азия елдерімен мұндай құжаттарға тұңғыш рет қол қойып отыр.