Сайлауға дайындық жасауға көмектесуге Ираққа Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары келеді

Олар АҚШ және Британия тарапынан құрылған уақытша әкімшілікпен және Ирактың жаңа басшылығымен бірігіп жұмыс істейді. Сарапшылар Ирақта екі аптадай болады. Уақытша әкімшіліктің басшысы Пол Бремер “жалпы халықтық сайлау алдағы жылдың ортасында өткізілуі мүмкін”- деген.