Ресей құрамындағы Солтүстік Осетияның Моздок қаласындағы әскери емханадағы жарылыстың құрбандары 50-ге жетті.

Ресейдің Төтенше жағдайлар бойынша министірлінің өкілі Сергей Саловтың хабарлауынша, үйінділерді аршу барысында бүгін 6 адамның мәйіті табылған. Опат болған 12 адамның кім екендіктері әзірше анықталмаған, 64 жаралы емханаларда жатыр. Жарылыс болған жерде құтқару іздестіру жұмыстары аяқталды. Дүйсенбі тамыздың 4 күні Солтүстік Осетияда аза күні жарияланған. Моздокте болып қайтқан Ресей Қорғаныс министірі Сергей Иванов жағдайға былайша сипаттама берді:

“Мен сіздерге бірақ қана мысал келтіре аламын, барлық бұйрықтарға қарамастан, көліктерді тоқтатуға бағытталған тосқауыл емханада мүлде болмаған.”

Өз сөзін жалғастырып Иванов,

“Мен қызметтік тексерудің аяқталғанына шейін, 421-інші мото атқыштар полкның және Моздок әскери гарнизонының бастығын орнынан алу туралы шешім қабылдадым.”

"Интерфакс" агенттігінің бас әскери прокуратураға сілтеме жасап хабарлауынша емхана басшысы Артур Аракелян қамауға алынған.