Өткен аптаның соңында Боливияда 5 тонна кокаин тәркіленді.

Боливия Ішкі істер министрі Еро Кукоктың хабарлауынша, АҚШ-тық есірткімен күрес бойынша мамандардың жәрдемімен екі операция барысында 24 адам қамауға алынған. Тәркіленген кокаинның қара базардағы құны 300 миллион долларды құрайды.