Сеулда Оңтүстік Көреянің алып "Хюндай" компаниясының басшысы 54 жасар Чон Мон Хон өз өзіне қол салды.

Іскер кеңсесінің 12-і қабатынан құлап өлді. Чон Мон Хон қоғамдық скандалдың ортасында қалды, оның компаниясы 2000 жылы өткен бірінші көрей-аралық бас қосуға қатысуға Пхенянның келісім бергені үшін Солтүстік Көрея үкіметтінің есеп шотына 100 миллион доллар аударғандығы туралы айыптаулар айтыла бастады. Іскер 3 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін болатын.