Қазақстан Президентi елдiң бiлiм және ғылым, iшкi iстер министрлерiн қабылдады

Тамыздың 4-і күнi Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев елдiң білім және ғылым министрі Жақсылық Қүлекеевті қабылдады деп хабарлайды президенттiң баспасөз қызметiнен.
Министр Ж.Күлекеев президенттi республикадағы білім жүйесінің сапасын көтерудi көздейтiн атқарылып жатқан жұмыстардың барысынан хабардар еткен. Министрдiң айтуынша, осы шаралардың қатарында республиканың жоғары оқу орындарында екінші курсты бiтiрген студенттерді тәуелсiз сарапшылардың қатысуымен міндетті аттестациядан өткізу, жоғары оқу орындарына аралық бақылау енгізу секiлдi тың өзгерiстер жүргiзу жоспарланып отыр.

Кездесу кезiнде президент Н.Назарбаев жоғары оқу орнын бiтiрiп шыққаннан кейiнгi жүйені қайта құруға қатысты бiрқатар ұсыныстарын бiлдiрген.

Сондай-ақ, дүйсенбi күнi Қазақстан президентi Н.Назарбаев республиканың iшкі істер министрі Қайырбек Сүлейменовтi де қабылдады деп хабарлайды президенттiң баспасөз қызметi.

Iшкi iстер министрi мемлекет басшысына өзi басқарып отырған саланың қазіргі жағдайы туралы, биылғы жылдың алғашқы жартысында министрліктің атқарған жұмыс қорытындысы жөнiнде және осы саладағы соңғы жүргiзiлген кадрлық өзгерiстер туралы баяндаған.

Сонымен бiрге Қазақстанның iшкi iстер министрi Қайырбек Сүлейменов алдағы қыркүйек айында өткелi отырған екi үлкен шара - жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлауының және әлем діндерінің сиезі барысында құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатындағы алдын-алу іс-шаралары жөнiнде баяндады деп хабарлайды Қазақстан Президентiнiң баспасөз қызметiнен.