Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласының соты осы жылдың ақпан айында метрода өрт жасаған адамды өмірбақи бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ақпан айында 56 жасар ақыл-есі кем Ким Дэ-Хан өз өзіне қол салмақ болып, метроның вагонында бензинге малынған картон қорапты жағып жіберген еді. От тез арада барлық поездға және көрші платформаға таралып кетіп, 198 адамның өмірін үзген-ді. Тегу қаласының прокуроры Ким Дэ-Ханға өлім жазасын талап етсе де, оған өмір бақи бостандықтан айыру тұралы үкім шығарылды.