БҰҰ Ирақ мектептерінің оқулықтарын қайтадан басып шығаруға 72 миллион доллардың қаржысын бөлді.

Оқулықтардан Саддам Хусейінде жер көкке сиғызбайтын мақтаулар алынып тасталады. Қыркүйекте басталатын жаңа оқу жылына шейін 67 миллион оқулық басылып шығуы тиіс. Ақша БҰҰ-ның " Ирақ мұнайын азық-түлікке айырбастау" қорынан алынады. Бұл бағдарлама Ирақта соғыс басталған кезде тоқтап қалып еді.