Шабуыл жасамау жөнінде келісім қабылдасақ деген Солтүстік Кореяның тағы бір ұсынысы қабылданбады

АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл Солтүстік Кореяның шабуыл жасамау жөнінде келісім қабылдасақ деген тағы бір ұсынысын кеше қабылдамады. Солтүстік Кореяның күдікті атом бағдарламасының мәселесін көпжақты келіссөз арқылы шешкен ләзім, АҚШ Солтүстік Кореяны шаппайтынын баяғыдан айтып келеді, деді Колин Пауелл. Көпжақты келіссөзге АҚШ және екі Корей мемлекетімен қоса Қытай, Ресей және Жапония қатыстырылмақ.