Нью-Йоркте сөніп қалған электр жарығы толығымен қайтадан іске қосылды.

Енді Детройт пен канадалық Торонто қаласында жарық жексенбі күні кешке қосылады деп күтіліп отыр. Американың Нью-Джерси, Коннектикут, Пенсильвания штаттарында және Канаданың Онторио провинциясында жарық беру ақырындап қалпына келтіріліп жатыр. АҚШ пен Канада Солтүстік Американың электр жүйесінде болған үлкен апаттың себеп салдарын анықтайтын бірлескен комиссия құрып отыр.