Ауғаныстанда Тәліптер қолының шабуылынан кемінде үш үкімет әскері мерт болып, 4-уі қолға түскен.

Пәктия уәлайатының Бас сақшысы Дәулет Ханның хабарлауынша, кеше кешке Тәліптердің 200 жауынгері Пәкістанмен шекарадағы Тервах шахарының тексеру бекінісіне шабуыл жасаған. Сенбі күні Пәктия аймағының Бармаль кентіне тәліптердің шабуыл кезінде 7 ауғандық сақшы опат болды.