Индонезия полициясы Жакартадағы Мариотт қонақ үйіне болған шабуылға айыпты деп 10 адамды тұтқындады.

Жакарта. Индонезия полициясы 5 тамыз күні Жакартадағы 12 кісі опат болған Мариотт қонақ үйіне болған шабуылға айыпты деп 10 кісіні тұтқындаған. Индонезия үкіметі бұл шабуылдың сыртында Ал Каидаға қатысы бар Джема Исламия тобы тұрды деп біледі. Өткен аптада Таиландта Джема Исламия мен Ал Каидаға бірдей жұмыс істеген лауазымды террорист Хамбали тұтқындалып Америка абақтысына отырғызылғаны аян.