Хорватияда “Демократиялық әлеуметтік одақ” деп аталатын жаңа партия құрылды.

ЗАГРЕБ: Хорватияда демократиялық әлеуметтік одақ атаулы жаңа партия құрылды. Алайда елде оның құралтайшысына деген көзқарас әрқилы. Сербия мен Хорватия арасындағы соғыс кезінде Звонко Зубак - БҰҰ-ының тыйым салуына қарамастан, Хорватия армиясын қару-жарақпен қамтамасыз етіп келді. Соғыстан кейін ол мұнай саудасымен шұғылданды. Звонко Зубак таяу болашақта елдің үкімет басына отырмақ ниетін мәлімдеуде. Осы жылдың басында Хорватияда парламент сайлауы өтеді.