Аустралияда АҚШ пен басқа 10 елдің қатысуымен жаппай қырып-жою қаруын тасымалдайтын теңіз кемелерін басып алу бойынша халықаралық теңіз жаттығулары өтеді.

СИДНЕЙ: Қыркүйек айында Аустралияның жағалауларында жаппай қырып-жою қаруын тасымалдайтын теңіз кемелерін басып алу бойынша халықаралық теңіз жаттығулары өтеді. Ол жаттығуларға АҚШ пен басқа 10 мемлекеттің әскери теңіз кемелері қатыспақ. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінен хабарланғандай, бұл -зымырандық қарудың таралуына тосқауыл қою мақсатын көздеген халықаралық бастама болып отыр. Қару-жарақтың заңсыз экспортымен шұғылданады деген күдік туғызған елдердің қатарында Вашингтон Иран мен Солтүстік Кәрейді атап көрсетті. Соған байланысты бірқатар теңіз жаттығуларын Парсы шығанағы мен Жерорта теңізінде де өткізу көзделуде.