Сахалин облысының губернаторы И.Фахрутдинов отырып келе жатып, хабар-ошарсыз жоғалған Ми-8 тікұшағын іздестіру шаралары әзірше еш нәтиже бермеді.

РЕСЕЙ, КАМЧАТКА ТҮБЕГІ: Камчаткада Сахалин облысының губернаторы Игорь Фахрутдинов отырып келе жатып, хабар-ошарсыз жоғалған Ми-8 тікұшағын іздестіру шаралары әзірше еш нәтиже бермеді. Әлгі тікұшақпен арадағы байланыс 20-сыншы тамызда жоғалды. Сарапшылардың есептеуінше, Ми-8 тікұшағы не бір төбеге соғылып құлаған, не апатқа ұшырап, ит мұрыны бармайтын айдалаға қонған. Прокуратура мекемесі тікұшақты ұшуға дайындау кезінде қауіпсіздік ережесінің бұзылғанын, атап айтқанда – жолаушылардың толық тізімінің жасалмағанын анықтады, тікұшақта болған жолаушылардың саны әлі де беймәлім. Соңғы мәліметке қарағанда, Ми-8 тікұшағында 20-ға жуық жолаушы болуға тиіс көрінеді.