Батыс жағалаудағы ауруханада жатқан екі Палестиналық жауынгерді Израйль әскерлері тұтқынға алды.

Журналистердің хабарлауынша Әл-Ақса бригадасының мүшелері Фахид Бен Ходи және Осман Абу Ғмоуче екеуі өткен жұма күні Израйль әскерлерімен шайқас барысында алған жарақаттарына ем қабылдау үшін Рафидей ауруханасына келіп түскен болатын. Әл-Ақсаның жергілікті топ жетекшісі Халед Намруди сол жұма күнгі шайқастар барысында қаза болған-ды. Әл-Ақса ұйымының Палестина басшысы Ясер Арафаттың Фатах қозғалысымен байланысы бар-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі. Бүгін Израйль солдаттары аталған палестиналық қос азаматты тұтқындамас бұрын сол аурухананы қоршауға алған болатын. Содан кейін ол екі жаралыны арнайы аурухана көлігімен қамауға алып кетісті.