Кэмерон Диаз - әлемдегі ең көп жалақы алатын әртіс әйел - 1 жылда 42 млн. 200 мың доллар табыс тапты.

ГОЛЛИВУД: Голливуд жұлдыздарының бірі, әртіс әйел Кэмерон Диаз - әлемдегі ең көп жалақы алатын әртіс әйел болып танылып отыр. 2004-інші жылға арналған рекордтардың Гиннес кітабына оның 1 жылдың ішінде 42 млн. 200 мың доллар жалақы алғаны жазылды. Осыншама ақшаны Кэмерон Диаз 2001-інші жылы тапқан көрінеді. Әлемдегі ең табысты әртіс әйелдердің тізімінде ол 2000-ыншы жылы 21 млн. доллар жалақы алған Джулия Робертсті басып озды.

Сұлтан Хан Аққұлұлы