Ирақ астанасындағы полиция кеңсесі алдында жарылыс болды. Нәтижесінде 1 адам мерт болып, 14 кісі жараланды.

БАҒДАД: Сейсенбі күні Ирақ астанасындағы полиция кеңсесі алдында жарылыс болды. Нәтижесінде 1 адам мерт болып, 14 кісі жараланды. Полицайлардың ақпарларына сүйенген агенттіктердің хабарлауынша, кеңсенің маңайында мина орнатылған автомәшине жарылған көрінеді. Армия өкілінің хабарлауынша, сейсенбі күні Бағдад түбінде, сондай-ақ, АҚШ-тың әскери полициясының 2 қызметкері қаза болды. Ирақтың оңтүстік провинцияларына қарай келе жатқан кезінде олардың авто көлігі минаға жарылған. Бағдадтың шетінде тікұшақ апатқа ұшырап, тағы бір АҚШ жауынгері мерт болып, екіншісі жарақат алды.