Ирақтың Ән-Наджаф қаласында шеит-мұсылмандарының рухани жетекшісі Моһаммад Бәкір әл-Хакімнің жерленуіне миллионға жуық халық келді.

ӘН-НАДЖАФ: Ирақтың Ән-Наджаф қаласында жуырдағы террористік қастандықтың нәтижесінде қаза болған шиит-мұсылмандарының рухани жетекшісі Моһаммад Бәкір әл-Хакімнің жерленуіне миллионға жуық халық келді. Қалада қауіпсіздіктің төтенше шаралары қабылданды. Жерлеудің алдында Ирақтың бірнеше қаласында үш күндік азнама тұтылды. Ән-Наджаф қаласындағы мешіт іргесінде өткен жұма күні болған террористік қастандықтың нәтижесінде 80-нен аса халық құрбан болды.