Флейтада шебер ойнайтын белгілі американдық кино режиссер Вуди Аллен Францияда осы жылдағы өзінің джаз концертін берді.

Әлемдегі ірі киномотограф қайраткерлердің бірі, әрі белгілі флейташы Вуди Аллен әдетте жылына бір-ақ рет беретін осы жолғы концертін, Францияда болып жатқан халықаралық джаз фестивалі аясында өткізуді жөн көріпті. Кішкентай ғана оркестрдің қолдауымен өнер көрсеткен оны көрермендер үлкен құрметпен қарсы алған.