Екі жыл бұрын ғана халықаралық мәртебе алған бұл фестивальге әр елден келгендер төрт күн бойы Қарағандыдағы өнер ошақтарында өнер көрсетеді. Осы жолғы концертте Американың Феникс квартеті қайырымдылық концерт береді. Және бүгінде Германияда тұратын атақты тенор Қайыржан Жолдыбаев пен Ресей, Қазақстанның эстрада жұлдыздары ән айтады.