Бүгін Индонезия соты Бали аралында болған терактіге жауапты Имам Самудраға ату жазасы үкімін шығарды.

Бали аралында болған терактіні ұйымдастырды деген айыппен ислам жауынгері Имам Самудра өлім жазасына кесілді. Самудра- осындай айыппен Индонезиядағы терроризмге қарсы заң бойынша ең жоғары жазаға кесілген екінші адам. Өткен жылдың қазан айында террористер Балидегі екі түнгі клубта жарылыс жасап, онда негізінен шетелдіктерді құраған 200-ден аса адам өлген.