Бүгін Қазақстан парламентінің мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбай ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы орталығының басшысы Антон Рупникпен кездесті.

Антон Рупник Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен өзара байланысын жоғары бағалаған. Ал, өз кезегінде Жармахан Тұяқбай оны Қазақстан парламентінің атқарып жатқан жұмысымен егжей тегжейлі таныстырып, Антон Рупникті мәжілістің отырыстарына қатысуға шақырған.