Итар-Тас агенттігі Кремльдегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, орыстар үлкен Буштың қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін, орыс-американ қарым-қатынастарының негізін салуға елеулі күш-жігер жұмсағанын жақсы біледі деп хабарлайды.
Путиннің үлкен Бушпен кездесуі оның қыркүйектің 24-27-де Америкаға жасалғалы отырған сапары алдында өткелі отыр.