Бүгін Венада БҰҰ-ның Халықаралық атом энергиясы агенттігінің агенттікке мүше 135 елдің Бас Ассамблеясының жиыны ашылады.

Оның басты тақырыбы - Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы және Пхеньянның ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімнен шығу мәселесіне арналады. Сонымен қатар бұл бас қосуда Ирақта жаппай қырып-жою қаруын іздестіріп, халықаралық бақылау жасауды қайта жаңғыртыу мәселесі де қаралуы мүмкін.