2004-інші жылдың мамыр айында Эстония ЕуроОдаққа мүше болып қабылданады.

ТАЛЛИНН: Жексенбі күні Эстонияда болып өткен референдумда халықтың 67 пайызы елдің Еуропалық одаққа кіруін қолдап дауыс берді. Оған сайлаушылардың 63 пайызы қатысты. Демек 2004-інші жылдың мамыр айында Эстония ЕуроОдаққа мүше болып қабылданады. ЕуроОдаққа келесі жылы қабылданатын тағы 10 мемлекетте осындай референдум болып өтті. Осы аптаның соңында бүкілхалықтық дауыс беру енді Латвияда өтуге тиіс.