К.Пауэлл: АҚШ әскері Ираққа азат етуші ретінде келді және бұл елде бекерге ұзаққа қалмайды деп мәлімдеді.

БАҒДАД: АҚШ-тың Ирақта сапарда жүрген мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл бүгін елдің солтүстігіндегі Халабаджа қаласына келді. 1988-інші жылы Саддам Хусеиннің әскері осы жерде күрдтерге қарсы химиялық қаруын қолданды. Оның нәтижесінде кем дегенде 5 мың адам қаза болды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы құрбандарды аза тұту рәсіміне қатысты. Бүгінгі күннің барысында К.Пауэлл күрдтердің негізгі екі фракциясының жетекшілері – Масуд Барзанимен және Джалал Талабанимен келіссөздер өткізбек. Бағдадта жексенбі күні сөйлеген сөзінде мемлекеттік хатшы – АҚШ әскері Ираққа азат етуші ретінде келді және бұл елде бекерге ұзаққа қалмайды деп мәлімдеді.