Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Молдоваға 2 күндік ресми сапары басталады.

АҚТАУ: Осыған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Молдоваға 2 күндік ресми сапары басталады. Қазақ ақпарат агенттігінің ақпарына сәйкес, бүгін кешкісін Н.Назарбаевтың Молдова президенті Владимир Воронинмен бейресми кездесуі болады. Сапардың ресми бөлігі 17-сінде өтіп, оның барысында қазақ-молдова президенттерінің бетпе-бет келіссөздері, одан кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтеді. Келіссөздердің қорытындылары бойынша екі жақты келісімдерге қол қойылады және мемлекет басшылары баспасөз құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасайды деп күтілуде.