Сирия "Хамас", " Ислам джихады" және "Хезболла" ұйымдарына қолдау көрсетеді, дейді ресми Вашингтон.

АҚШ сыртқы істер министрінің қару бақылауы жөніндегі орынбасары Джон Болтон Сирия 1970-ші жылдардан бері әрекет жасап, химиялық қаруға қол жеткізген араб мемлекетіне айналды, деп мәлімдеді. Сирия Ираққа әскери қолдау көрсетті, Ирақта американдық сарбаздарды өлтіретіндерге қол ұшын созып отыр, дейді ресми Вашингтон.