Кеше Бағдадта Ирақ Басқару кеңесінің мүшесі Акила әл Хашими қатты жараланды

Дәрігерлердің айтуынша, оның халі ауыр, бірақ тұрақты жағдайда. Акила әл Хашими ханұм Саддам Хуссейннің кезіндегі үкіметте жоғары қызметте болған. Акила әл Хашимидің жүргізушісі және оққағарлары түрлі жарақат алды. Ирақ әкімі Пол Бремер және Британия бас министрі Тонни Блейер болған жағдайға қатты өкініш білдірді. Шабуыл Ирақты демократия мен бостандық жолына қоюды доғармайды, деді Тонни Блейер.