Қазақстан фермерлері одағы республикалық бірлестігінің президенті Әділхан Өмірбаев бастаған ресми топ Тель-Авивте өткен Агротех-2003 халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысты , - деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Қазақстандық делегация жетекшісі израильдық компаниялармен келіссөздер өткізген. Олар жылыжайлар, қайта өңдеу кешендерін аралап, израильдық жұмысты ұйымдастыру тәжрибесімен танысқан.