Жапонияның солтүстік аралы Хоккайдода күшті жер сілкінісі болды

Жүзден астам адам түрлі жарақат алған. Метеорологиялық агенттік мәліметтеріне қарағанда, зілзала күші Рихтер өлшемімен 8 балл болған. Бір пойыз жолдан шығып кеткен. Мұнай айыру зауытында өрт шыққан.