Солтүстік Қазақстан облысының миграциялық полициясы паспорт тіртібін бұзған 178 азаматты ұстап, оның 62-сін облыс аумағынан шығарды.

ПЕТРОПАВЛ: “Шетелдік” деген атаумен Солтүстік Қазақстан облысының миграциялық полициясы жүзеге асырған шараның нәтижесінде паспорт тәртібін бұзған шетелдік 178 азамат ұсталып, оның 62-сі облыс аумағынан шығарылған. Қазақстан тудэй агенттігінің хабарлауынша, тіркелу мерзімін бұзып, облыста рұқсатсыз тұрған және облыс жерінде болу тәртібін бұзғандардың ішінде Тәжікстан, Түркия, АҚШ және Германия азаматтары бар.