Теһранда МАГАТЭ мен Иран басшылығы халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған ирандық ядролық бағдарламасын талдауда.

ТЕҺРАН: Теһранда атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік пен Иран басшылығы халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған ирандық ядролық бағдарламасын талдауда. МАГАТЭ өкілдерінің пікірінше, екі жақты келіссөздер 1 аптадан 3 аптаға дейін созылуы мүмкін. МАГАТЭ Ираннан өзінің ядролық бағдарламасы жөнінде толық ақпаратты 31-қазанға дейін беріп, астыртын түрде ядролық қаруын жасауға ұмтылмайтынын дәлелдеуді талап етуде. Ал Иран, өз кезегінде, ядролық бағдарламасын.ың бейбіт мақсатта жүзеге асырылып жатыр деген бетінен қайтар емес.