Көптеген зейнеткерлер 1994 жылғы қайта есептеулер кезіндегі орын алған кемшіліктердің салдарынан 9 жыл бойы ең төменгі деңгейдегі зейнетақы алып келді.

Мәжіліс депутаттары осындай тұжырым жасап отыр. Бұл жөнінде қазанның 8-і күні мәжілістің жалпы отырысында депутат Шаймерден Оразәлинов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың есебі туралы мәселені әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының хабарламасын таныстырған кезде жария етті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.