Қарағандылық өнерпаздар “Ауыл жылына” орай елді-мекендерде өнер көрсетеді.

Қарағандының Тәттімбет атындағы академиялық оркестрі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына гастрольге аттанады. Облыстық мәдениет департаментінің хабарлауынша, бұл шара "Ауыл жылына" арналып отыр.