ҚШ жағы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынған Ирақ бойынша жаңа қаулы жобасы қолдау табар деген үмітте.

ҚШ СİМ Колин Пауел Ирақ бойынша қаулы тегеурінді қарсылықтарға қарамастан БҰҰ-ның ҚК-де қолдау табар деген үмітте. Ирақтағы америка іәскеріне күн сайын шабуыл болып жатқанына қарамастан Вашингтон өзге елдердің де Ираққа әскер енгізуіне мүдделі. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан ҚШ ұсынып отырған қаулы жобасы БҰҰ-на тым аз рөл береді дейді. Кеше Бағдадта америка әскерінің оғынан опат болған екі шиит мұсылманын жерлеуден кейін, көшеге шыққан 10 мың шиит ҚШ-ын терроризм үшін айыптады. Америка әскері болса екі шииттің өлімі екі американдық солдатты опат еткен шабуылдан кейін орын алды дейді. Вашингтонда Вице –президент Дик Чейни Ирақтағы соғысты қорғап сөз сөйледі:

"Сыншыларға айтарым Президенттің 11 қыркүйектен бері тындырған іргелі ісі – біздің терроршыл жауларымыз бізді жойқын қарумен соққанша күтіп отырудың ақылға симайтынын көрсеткені."

Чейни Ирақ соғысын сынаушылар жүздеген мың американдықтардың ажалына жететін тағы бір террористік шабуылды тосқысы келе ме дейді.