Бүгін ҚР-сының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері талданады.

АСТАНА: Бүгін ҚР-сының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері талданбақшы. Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мәжіліске вице-премьер, ауыл-шаруашылық министрі Ахметжан Есімов, ҚР-сының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Ержан Өтембаев және парламент депутаттары мен министрліктердің өкілдері қатысып, қоршаған ортаның сапасын арттыруда мекемеаралық байланысты нығайту, елдегі экологиялық мониторинг жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланбақ.