Қазанның 14інде бас министр Даниал Ахметов Чехтың АЖД Праға компаниясы өкілдерімен кездесті

Чехиялық меймандар Қазақстан үкімет басшысына темір жол және көлік жолы үшін электрлі автоматтандырылған басқару жүйесін шығаратын бірлескен кәсіпорын құру жобасын ұсынды. Қазіргі кезде Астанадағы темір жол стансасында чех өндірісінің автоматты жабдықталған бағыттау қозғалысын пайдалану мүмкіндігі сынақтан өткізілуде.