Ирақта өткен түні АҚШ әскери полициясының үш офицері және Ирақ полициясының екі офицері қаза болды

Оларға белгісіз біреулер Кербала қаласында оқ атты. АҚШ әскери өкілі Ралф Менос оқиға барысында тағы екі американдық сарбаз мен бес ирақтық сарбаздың жараланғанын хабарлады. Киркөк қаласында белгісіз біреулер АҚШ сарбаздарын гранаталармен атқылады. Бұл жолы адам шығыны болған жоқ.