Бүгін Қазақстанда "Айша Бибі кесенесі" күміс тенгесі айналымға шықты.

Интерфакстың Алматыдан хабарлауынша бүгін Ұлттық банк "Айша Бибі кесенесі" бейнеленген күміс тиінды айналымға шығарған. Құны 500 теңгелік бұл күміс тиын " Сәулет және тарихы жәдігерліктер" парасына жатады. Оның бетіндегі жазулар қазақ, орыс ағылшын тілдерінде.