Орталық Азия елдеріндегі аналар мен балалар денсаулығын сақтау жөніндегі жетінші форум Алматыда 5-7-ші қараша аралығында өтпекші.

Басқосу барысында сәбилер өлімінің себептері, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейі және денсаулық сақтау ісіне мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы жайы талқыланатын болады. Аталған жиынды БҰҰ жанындағы Балалар қоры ұйымдастырмақшы.