Бүгін және ертең Батыс Қазақстанда Ұлы Британия Парламентінің делегациясы сапарда болмақ.

ОРАЛ: Бүгін және ертең Батыс Қазақстанда Ұлы Британия Парламентінің делегациясы сапарда болмақ. Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, британдық қонақтар Қарашығанақтағы мұнай мен газ конденсаты көзінде болып, “Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Би-Ви” компаниясының өкілдерімен кездесіп, сол жердегі мұнай өңдеу кешенінің жұмысымен таныспақ. Сапардың 2-нші күні ағылшын парламентінің делегациясы Батыс Қазақстан облыстық және Орал қалалық маслихаттарының депутаттарымен жүздесіп, қаладағы стадионды, қазақ және орыс драма театрларын және басқа да кешендерді аралайтын болады.