Каспий жағалауындағы 5 мемлекет Теһранда теңізден балық аулауды шектеу туралы уақытша келісімге келді.

ТЕҺРАН: Каспий жағалауындағы 5 мемлекет Иранда теңізден балық аулауды шектеу туралы уақытша келісімге келді. Ол құжатта, сондай-ақ, теңізге мұнай қалдықтарын төгуге тыйым салу қарастырылған. 5 жақты келісімге Қазақстан, Иран, Ресей, Әзірбайжан және Түркіменстан өкілдері қолдарын қойды. Өткен 10 жылда Каспий теңізіндегі экологиялық ахуал күрт нашарлап кетті.